SmartNation – білім беру саласын ашық, ыңғайлы әрі заманға сай ететін озық IT шешімдер
SmartNation — мемлекеттік қызметтер мен білім саласындағы басқару процестерін автоматтандыруға көмектесетін отандық IT платформа.
Өнім туралы
​​SmartNation порталы Қазақстандағы ең көп қолданылатын топ-10 сайттың қатарына кіреді
балабақша мен шағын орталық
3 000+
мектеп
3 500+
колледж
230+
білім бөлімдері
100+
білім беру қызметкері
285 000+
миллион пайдаланушы
6+
миллион күнделікті қолдану
2,5+
миллион мемлекеттік қызмет көрсетілген
1,7+
Mektep SmartNation және Jumys SmartNation жобалары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бағалауы бойынша өңірлік деңгейде автоматтандыруды енгізуге ықпал еткен үздік 32 тәжірибенің қатарына енген.
SmartNation шешімдері еліміздің 16 облысы және республикалық маңызы бар үш қаласына енгізіліп, мыңдаған ұйым мен қазақстандықтардың уақытын және ресурсын үнемдеуге ықпал етіп келеді.
SmartNation артықшылықтары
Мемлекет үшін:
  • ҚР ОАМ талаптарына сай әзірленген отандық өнім
  • процестердің ашықтығы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
  • қауіпсіз инфрақұрылым және күнделікті резервтік көшіру
  • мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай стандарты
Азаматтар үшін:
  • мемлекеттік қызметтерді онлайн алу мүмкіндігі
  • қарапайым әрі түсінікті интерфейс
  • әр әрекет пен мәртебе бойынша SMS-хабарламалар
  • қызмет алу процесінің толық ашық болуы
  • жеке деректерді қорғау
  • бірыңғай байланыс орталығы арқылы жедел кеңес беру
Білім беру ұйымдары үшін:
  • қолайлы интерфейс және қызметкерлердің жүктемесін азайту
  • жүйені жылдам енгізу, қызметкерлерді оқыту және тұрақты қолдау
  • есеп пен құжат айналымын толық цифрландыру
  • функционалдың тұрақты жаңартылуы және кеңейтілуі
SmartNation жобалары
Jumys SmartNation
Білім беру жүйесіндегі кадрларды басқаруға және мамандардың мансап жолындағы дамуын бақылауға арналған цифрлық платформа. Платформа вакансиялар, түйіндемелер, аттестация және кадрлық есепті бір жүйеге біріктіріп, мектептерге, колледждер мен білім басқармаларына мамандарды жылдам әрі ашық түрде іріктеуге мүмкіндік береді.
Білім беру жүйесіне арналған кадрлық жүйе және мансаптық платформа
Білім беру жүйесін талдауға және басқаруға арналған цифрлық платформа
Basqarma SmartNation
Білім беру органдарына деректер негізінде шешім қабылдауға мүмкіндік беретін цифрлық аналитикалық платформа. Жүйе мектеп, колледж және балабақша бойынша көрсеткіштерді автоматты түрде жинақтап, талдап, көрнекі түрде ұсынады және өңірдегі білім беру ахуалы туралы толық мәлімет береді.
Білім беру ұйымдарына арналған электрондық құжат айналымы және мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу жүйесі
Qujat SmartNation
Білім беру ұйымдарының ішінде және мемлекеттік органдармен электрондық құжат алмасуға арналған цифрлық платформа. Жүйе құжаттардың қауіпсіздігін, заңды күшін, ыңғайлы сақталуын және деректердің автоматты түрде тексерілуін қамтамасыз етеді.
Қосымша білім беру бағытында мемлекеттік қызметтерді ұсынатын цифрлық платформа
Damu SmartNation
Қосымша білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер мен ұйымдардың ашық тізімін ұсынатын цифрлық платформа. Жүйе қосымша білім беру ұйымдарын, ата-аналар мен өңірлік құрылымдарды біріктіріп, процестерді ашық өткізуге және деректерге жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Цифрлық бухгалтерия және есепті автоматтандыру
Esep SmartNation
Білім беру ұйымдарында бухгалтерлік есеп, кадрлық басқару және қаржылық жоспарлау процестерін цифрландыруға арналған цифрлық платформа. Жүйе контингент есебін, қызметкерлермен жұмысты, құжат айналымын, бюджетті жоспарлау мен бақылауды бір жерге біріктіріп, деректердің дәлдігі мен процестердің ашық болуын қамтамасыз етеді.
College SmartNation
Қабылдау комиссиясынан бастап диплом алғанға дейінгі колледждерді басқару процестерін біріктіретін цифрлық платформа. Жүйе студенттерге, педагогтер мен әкімшілікке бір ортада жұмыс істеуге мүмкіндік береді: құжат айналымын азайтып, ашықтықты қамтамасыз етеді.
Колледждер мен ТжКБ ұйымдарына арналған цифрлық платформа
Mektep SmartNation
Жалпы орта білім беру жүйесіндегі мемлекеттік қызметтер мен ішкі процестерді автоматтандыруға арналған цифрлық платформа. Жүйе мектептің ішкі процестерін реттеп, кітапхана қорын жүргізуге және құжаттарды цифрлық форматта рәсімдеуге мүмкіндік береді. Ата-аналар 10-нан аса мемлекеттік қызметті онлайн ала алады.
Мектептер мен білім бөлімдеріне арналған цифрлық платформа
Мектепке дейінгі білім беруге арналған цифрлық платформа
Balabaqsha SmartNation
Мектепке дейінгі білім беруге қатысты мемлекеттік қызметтер мен басқару процестерін автоматтандыратын цифрлық платформа. Жүйе балабақшалар, ата-аналар және білім бөлімдерін біріктіріп, кезекке тұру процесін ашық етеді әрі өзара әрекеттесуді қолайлы ұйымдастырады.
Қолданушылар пікірі
«Сұлу-Ай» бөбекжайының директоры, Тайтөбе ауылы, Ақмола облысы
Шұғыла Байғазиева
Balabaqsha SmartNation командасына алғысымызды білдіреміз. Сайт қолдануға өте ыңғайлы, интерфейсі қарапайым әрі түсінікті. Қызметкерлер әрдайым уақытылы жауап беріп, кез келген мәселенің шешімін табуға көмектеседі.
Көкшетау гуманитарлық-техникалық колледжі іс қағаздарын жүргізуші
Махаббат Мусина
College SmartNation платформасына серіктестік үшін алғыс білдіреміз. Сайт өте ыңғайлы әрі түсінікті, барлық процес жедел жүзеге асады. Әсіресе қызметкерлердің сыпайылығы мен қолдауын атап өткім келеді: кез келген мәселені жылдам шешуге әрдайым дайын.

«Жұлдыз» бөбекжайының директоры, Теректі ауданы, Батыс Қазақстан облысы
Светлана Исатова
Balabaqsha SmartNation платформасында белсенді жұмыс істейміз: ыңғайлы, түсінікті және жұмысты шынымен жеңілдетеді. Байланыс орталығына жүгінген кезде операторлар әрдайым дер кезінде жауап беріп, бәрін нақты түсіндіреді. Көрсеткен қолдауы үшін барлық қызметкерге алғыс айтамыз. Болашақта да жемісті серіктестік жалғасады деп сенеміз.
Сарыағаш қаласы, М. Ломоносов атындағы №3 мектептің мұғалімі
Диана Назарова
Jumys SmartNation жүйесінің арқасында мен сәтті тіркеліп, тест тапсырып, өз мамандығым бойынша жұмысқа сәтті орналасуға мүмкіндік алдым. Портал өте қолайлы екен: өтінім беруден бастап, нәтижені алғанға дейінгі барлық кезең адал, ашық және қиындықсыз өтті. Jumys SmartNation-ның Қазақстандағы цифрландыруды дамытуға үлкен үлес қосатынына, әділ әрі тиімді жүйе екеніне көзім жетті.
Интеграциялар
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
SmartNation — білім беру ұйымдарының жұмысын тиімді әрі қауіпсіз етуге көмектесетін заманауи цифрлық экожүйе.
SmartNation-ге қосылыңыз
«BilimLand» ЖШС, БСН 141040020778
Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/13, С2.1 блогы
Қолдау қызметі
+7 (707) 944 95 95
support@bilimland.com