BilimKids — тәрбиешілер мен балабақшаларға арналған әдістемелік цифрлық платформа
BilimKids — тәрбиешілерге, әдіскерлер мен мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына арналған әдістемелік цифрлық платформа. Тәрбиешілерді қағазбасты жұмыстан арылтып, құжаттарды жүйелейді: жоспар, циклограмма, есеп, мониторинг және баланың даму картасы сияқты материалдарды ұсынады.
Өнім туралы
BilimKids кімдерге арналған
BilimKids
кімдерге арналған
Балабақша меңгерушілері мен әкімшілігіне
Мектепке дейінгі білім беру саласының әдіскерлеріне
Мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне
BilimKids мектепке дейінгі білім беру талаптарын толықтай негізге алады: барлық материал ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бұйрықтары мен стандарттарына сай әзірленген.
Платформа не ұсынады?
Перспективалық жоспарлар
Барлық жастағы топтарға арналған циклограммалар
Баланың жеке даму картасы
Үлгілік бағдарламаны меңгеру бойынша мониторинг
Ұйымдастырылған
іс-әрекеттер каталогі
Мектепке дейінгі ұйым мамандарына арналған құжаттар
Қазақ және орыс тілдеріндегі материалдар
STEAM білім беру жобалары
BOTA AI виртуалды көмекшісі
BilimKids артықшылықтары
  • ҚР Оқу-ағарту министрлігінің стандарттары мен бұйрықтарына толықтай сай
  • Дайын құжат түрлері мен үлгілері
  • Excel-ді немесе қолмен толтыруды қажет етпейтін автоматтандырылған құжат айналымы
  • Педагогтердің қызметін басқаруға көмектесетін мониторинг пен аналитика жүйесі
  • Тұрақты әдістемелік және техникалық қолдау
Қолданушылар пікірі
Ялты орта мектебінің әдіскері, Ғабит Мүсірепов ауданы, СҚО
Гаухар Тасенова
BilimKids-ті төрт жыл бойы қолданып келеміз, осы уақыт ішінде ол оқу процесіндегі қолайлы құралға айналды. Платформа сапалы әдістемелік материалдардың түр-түрін ұсынады, бұл балалармен жұмысқа дайындықты едәуір жеңілдетіп, уақытты үнемдейді. Әсіресе қолдау командасының жедел жұмысын атап өткім келеді: олардың арқасында педагогтер балалармен жұмысқа көбірек көңіл бөле алады.
«Жанатай ана» бөбекжайы,
Шымкент қаласы
Платформа материалдардың түр-түрін, соның ішінде қазақ тіліндегі мультфильмдер, сабақ конспектілері мен жоспар жасауға арналған құжаттарды ұсынады. Мұндай ресурстарды табу қиын, сондықтан олардың бір жерде болғаны — үлкен артықшылық. Оқу материалдары барлық жас тобын қамтиды, бұл платформаны тәрбиешілер үшін әмбебап құралға айналдырады. Сонымен қатар көрнекілік және дидактикалық материалдарды ерекше атап өткіміз келеді, олар педагогтердің жұмысын шын мәнінде оңтайландырады.
«Балапан» балабақшасы, Қаратөбе ауданы, БҚО
BilimKids — мектепке дейінгі ұйымдар үшін пайдалы әрі тиімді ресурс. Платформадағы видеолар, анимациялық мультфильмдер, суреттер мен ойындар балалардың қызығушылығын оятып, дүниетанымын кеңейтуге көмектеседі. Порталда ұсынылған циклограммалар, аудиожазбалар мен тапсырмалар тәрбиешілердің күнделікті жұмысын жеңілдетеді. Материалдар балалардың бойында жақсы мінез-құлық қалыптастыруға, логикалық ойлауы мен эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етеді.
«Алим» балабақшасы, Алматы қаласы
BilimKids платформасын бірнеше жылдан бері қолданамыз және нәтижесіне өте ризамыз. Платформада тәрбиешілер мен әдіскерлерге қажет барлық құжат жинақталған, бұл жұмысымызды айтарлықтай жеңілдетіп, жылдамдатады. Дайын материалдарды бірден қолдануға немесе өз жұмысымызға қарай бейімдеуге болады, бұл өте ыңғайлы деп ойлаймын. Сонымен қатар ҰІӘ каталогін, режим кездеріне арналған материалдар мен медиатеканы ерекше атап өткіміз келеді, бұл ресурстарды білім беру процесінде тұрақты түрде пайдаланамыз.
BilimKids — заманауи тәрбиешілерге арналған тиімді құралдар.
BilimKids-ке қосылыңыз
«BilimLand» ЖШС, БСН 141040020778
Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/13, С2.1 блогы
Қолдау қызметі
+7 (707) 944 95 95
support@bilimland.com