№165 мамандандырылған лицей, Алматы қаласы
«Оқытудағы STEAM-тәсілдерін іске асыруда педагогтердің құзыреттілігін жетілдіру» курсынан өттім. Курс өте өзекті, себебі STEAM қазіргі таңда әлемдегі, Қазақстандағы білім беру бағытындағы негізгі трендтердің бірі. Көп мұғалім осы бағытты енгізіп жатыр, ал курс сол мүмкіндіктерді түсініп, тәжірибеде қолдануға көмектеседі.
Мичурин атындағы негізгі орта мектеп, Ақкөл орман шаруашылығы, Ақмола облысы
«Педагогтер аттестациясы — кәсіби деңгейді арттыру құралы» курсынан өттім. Курстың қалай ұйымдастырылғаны және мазмұны ұнады: мұғалім аттестациясына қатысты көптеген сұрағыма жауап алдым.
№174 мектеп-гимназия, Алматы қаласы
«Педагогтерге арналған құқықтық сауаттылық: нормативтік құқықтық актілерді талдау және қолдану» курсы өте пайдалы болды. Лекцияларды тыңдап, тапсырмаларды орындау арқылы алған білімнің нәтижесін бірден көруге болады. Лекциялар мен презентациялық материалдар түсінікті форматта берілген, практикалық жұмыста тікелей қолдануға болады. Ақпарат толық әрі нақты.
№11 жалпы білім беретін мектеп, Қостанай қаласы
«Педагогтің кәсіби саласындағы еңбек кодексі» курсынан өттім. Оқу форматы қолайлы болды, өйткені материалдарды негізгі жұмысымнан қол үзбей меңгере алдым. Курс та өте танымды болды: көп жаңа ақпарат алып, білімімді жүйеледім, мамандығымыз үшін маңызды еңбек заңнамасының қыр-сырын тереңірек түсіндім.
Чувашка жалпы орта білім беретін мектебі, Бәйтерек ауданы, Батыс Қазақстан облысы
«Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру бойынша педагогтердің құзыреттілігін жетілдіру» курсынан кейін педагогикалық деңгейімді айтарлықтай арттырдым. PISA туралы маңызды мәліметтер алдым. Алған білімімді сабақтарымда тиімді қолдануды жоспарлап жүрмін.
№23 орта мектеп,
Мойнақ ауылы, Алматы облысы
«Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру бойынша педагогтердің құзыреттілігін жетілдіру» курсы өте тиімді болды. Оқу барысында барлық қажетті ақпаратты толық көлемде алдық. Материалдар практикалық және оңай қолданылатын әдістермен ұсынылғанын ерекше атап өткім келеді.