Bilim Foundation — сапалы білім мен тең мүмкіндіктерге жол ашатын жобалар
Bilim Foundation — 2016 жылы негізі қаланған қор және үкіметтік емес ұйым. Қордың білім беру мен әлеуметтік бағыттағы жобалары сапалы білім алу жолындағы теңсіздікті азайтып, жастардың дұрыс әлеуметтенуіне, психологиялық тұрғыда тұрақты болуына және табысты жұмысқа орналасуына жағдай жасауды мақсат етеді.
Қор туралы
Bilim Foundation көрсеткіштері
Қазақстанның бірнеше облысында жасөспірімдер арасындағы суицид көрсеткіші 50%-ке төмендеді
2017-2020 жылдары
білікті маман қормен бірлесіп жұмыс істейді
1 500+
студент тегін білім алып жатыр
1 000+
сәтті жүзеге асқан жоба
10+
жылдық жұмыс
10+
Bilim Foundation жобалары
Bilim Foundation жобалары
BF Line
14–35 жас аралығындағы балалар мен жастарға тегін психологиялық көмек көрсететін желі. Психологтар қарым-қатынас, эмоциялар мен сезімдер, денсаулық, жеке қауіпсіздік, адам құқықтары мен тұлғалық даму тақырыптары бойынша кеңес береді. Жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының, Мәдениет және ақпарат министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен жүзеге асты.
Ауыл мектептерін жаңарту және ондағы білім сапасын арттыру
Жоба қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасына қатысты алшақтықты азайтуды көздейді. 2019 жылы қор Қызылжар ауданы Петерфельд ауылындағы мемлекеттік мектепті 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға алды. Қазіргі уақытта оқу ордасы «Қызылжар Абай орта мектебі» деп аталады. Мектеп толықтай жаңартылып, жоғары білікті мұғалімдерден тұратын жаңа құрам жасақталды.
Кәмелет жасына толмағандар арасында суицидтің алдын алу және психикалық саулығын нығайту
12–17 жас аралығындағы оқушылар мен студенттердің психикалық саулығын нығайтуға бағытталған жоба. Ол психикалық саулық скринингін, психологтар мен педагогтерді оқытуды, психологиялық және медициналық көмек көрсету және балалардың өмірлік машықтарын дамыту бағыттарын қамтиды. Жоба нәтижесінде 2017-2020 жылдары Қызылорда, Ақмола, Ақтөбе және Атырау облыстарында жасөспірімдер арасындағы суицид көрсеткіші 50%-ке төмендеген.
«Жарқын Болашақ»
Маңғыстау облысының 12–22 жас аралығындағы балалары мен жастарына арналған тегін білім беру бағдарламасы. Жоба Жаңаөзен қаласы мен Маңғыстау, Түпқараған, Қарақия, Мұнайлы, Бейнеу аудандарын қамтиды. Бағдарлама қатысушыларға еліміздің үздік колледждерінде тегін білім алуға мүмкіндік беретін гранттар тағайындап, шәкіртақы ұсынады. Сонымен қатар жатақханамен қамтып, жолақы шығындарын өтейді, ағылшын тілін оқуға жағдай жасап, үйлестірушілер мен психологтардың қолдауын қамтамасыз етеді. Жоба «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен жүзеге асып келеді.
Bilim Foundation серіктестері
Bilim Foundation серіктестері
1
2
3
4
5
6
1
2
3
4
5
6
Қор өз жұмысында ашықтық пен өзара сенімді негізге алады. Бүгінде Bilim Foundation серіктестері қатарында түрлі министрліктер мен басқармалардан тұратын мемлекеттік ұйымдар, сонымен қатар ЮНИСЕФ, Америкалық психология қауымдастығы, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бар.
Bilim Foundation — ел бойынша балалар мен жастардың жақсы білім алуына, психикалық саулығын арттырып, кәсіби дамуына қолдау көрсететін қор.
Bilim Foundation-ға қосылыңыз
«BilimLand» ЖШС, БСН 141040020778
Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/13, С2.1 блогы
Қолдау қызметі
+7 (707) 944 95 95
support@bilimland.com