BilimUpSkill — шексіз мүмкіндіктер беретін ыңғайлы оқу форматы
BilimUpSkill елімізде Coursera экожүйесінің дамуына ықпал етіп, лицензия алу, интеграция жасау және аналитика жүргізу процестеріне жауап береді. Өнім жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына әлемдік онлайн курстарды енгізуге ықпалдасып, жұмыс берушілерге upskill/reskill бағдарламаларын құруға көмектеседі. Ал мемлекеттік ұйымдарға цифрлық және кәсіби машықтарға оқыту аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Курстарды жетекші университеттер мен жаһандық технологиялық компаниялар жүргізеді.
BilimUpSkill — Қазақстандағы Coursera-ның ресми өкілі. Жүйе мектептерді, колледждерді, жоғары оқу орындарын, компаниялар мен мемлекеттік ұйымдарды жаһандық платформаға қосады. Жоба Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша іске қосылып, елдегі барлық студенттің Coursera-ның үздік жаһандық онлайн контентіне теңдей қол жеткізуін көздейді.
Өнім туралы
ұйым платформаға қосылған
115
курстарды аудару нәтижесінде қазақ тілінде осынша жаңа термин қалыптасты
9 000
курс қазақ және орыс тілдеріне аударылды
172
Coursera онлайн-курстары негізінде қазақстандық ЖОО студенттерінің транскриптерінде осынша кредит есептелді
56 000+
студент үш жыл ішінде 560 000-нан астам сертификат алды
240 000+
онлайн курс
16 000
BilimUpSkill көрсеткіштері
Қазақстан — Coursera платформасы арқылы онлайн білім беріп, машықтарды дамыту бойынша Орталық Азиядағы көшбасшы. 2025 жылдың қыркүйегінде Coursera халықаралық конференциясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Learning Hero сыйлығын иеленді. Бұл марапат білім беру саласын жаһандық онлайн платформалар арқылы дамыту жолындағы батылдық, стратегиялық ойлау және көшбасшылық үшін табысталады.
BilimUpSkill жетістіктері
BilimUpSkill артықшылықтары
Оқушылар, студенттер мен қызметкерлер үшін:
  • қалаған уақытта және ыңғайлы форматта онлайн білім алу мүмкіндігі
  • әлемнің жетекші университеттері мен технологиялық компаниялары ұсынатын үздік курстарға Қазақстаннан қол жеткізе алу
  • қазақ және орыс тілдерінде сапалы бейімделген білім контенті
  • практикалық машықтарды игеру (жобалық менеджмент, зерттеу әдістері, жасанды интеллект)
  • халықаралық сертификаттар
  • Coursera-да алған білімнің арқасында жұмысқа орналасу мүмкіндігінің артуы
Жоғары оқу орындары үшін:
  • оқыту сапасын арттыру
  • дайын модульдерді оқу бағдарламаларына кіріктіру
  • оқытушылардың халықаралық стандарттарды (интерактив, тапсырмалар, кейстер) меңгеруі
  • Coursera-ға қосылу есебінен университеттің абитуриенттер үшін тартымды бола түсуі
  • ашық әрі толық аналитика
  • қосымша шығынсыз негізгі көрсеткіштердің жақсаруы
Қолданушылар пікірі
Шәкәрім университеті
Сағыныш Игенбердыева
Coursera-ны қолданған кезде мені қосымша ынталандырғаны беделді шетелдік университеттердің оқу материалдары мен сертификаттары еді. Дәл осы тәжірибе мені Абай облысының жастар мәслихатының депутаты болуға жетелеген фактор деп ойлаймын.
Торайғыров университеті
Егор Точилин
Мен IT, маркетинг және қаржы сияқты әртүрлі бағыттарда көп пайдалы ақпарат алдым. Курстарды өз саласының мамандары әзірлеген, сондықтан алған білімімді өмірде қолдануды үйрендім. Лекциялар мен материалдар өте қарапайым және түсінікті. Coursera — онлайн білім берудегі шынайы көшбасшы, дамып, мансапта жетістікке жеткісі келетіндердің бәріне ұсынамын.
BilimUpSkill — қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік деңгейге көтеретін жаһандық білім экожүйесі.
BilimUpSkill-ге қосылыңыз
«BilimLand» ЖШС, БСН 141040020778
Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/13, С2.1 блогы
Қолдау қызметі
+7 (707) 944 95 95
support@bilimland.com