Орал қаласы,
№19 жалпы орта білім беретін мектеп
Алгебра пәнінің мұғалімдері үшін қолдануға жеңіл, тиімді әрі қазіргі білім беру талаптарына толық сай келетін платформа. Сыныптағы барлық оқушыны қамтып, тапсырма беруге, сонымен қатар нәтижені жедел тексеріп, қатемен жұмыс істеуге жағдай жасайды. Жаңа тақырыпты бекіту үшін BilimLand материалдарын жиі пайдаланамын әрі оқушылардың қызығушылығы жоғары екенін көремін, балалар берілген тапсырманы үлкен ынтамен орындайды.
Қостанай қаласы, №20 Мариям Хәкімжанова атындағы жалпы білім беретін мектеп
BilimLand — мұғалімдер үшін таптырмас құрал: интерактивті тапсырмалар, видеоматериалдар мен анимациялық фильмдер оқу процесін едәуір жеңілдетеді. Ал оқушылар платформадағы материалдарға өзіне ыңғайлы уақытта қол жеткізе алады. Тағы бір маңыздысы — контент қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған. Менің ойымша, BilimLand — білім сапасын арттыруға бағытталған кең көлемді цифрлық кітапхана.
Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Киров негізгі орта мектебі
2017 жылдан бері BilimLand платформасын күнделікті, сабақ үстінде де, сабақтан тыс уақытта да қолданамын. Мектептегі барлық мұғалім дәл солай пайдаланады. Мұғалім үшін тақырыпты түсіндіруде де, үй тапсырмасын тексеруде де тест тапсырмаларын қолдану өте тиімді — нәтижесін бірден көріп, олқылықтарды түзеуге болады. BilimLand-тен оқушылар барлық пән бойынша қажет ақпаратты таба алады, бұдан бөлек сабақта да, үй тапсырмасын орындау кезінде де көруге болатын видеоматериалдар бар.