Bilim Group үшін маңызды кезеңдердің бірі «100 жаңа оқулық» жобасымен байланысты болды. 2017–2021 жылдары 20 түрлі пән бойынша 100 оқулық қазақ тіліне аударылып, миллионнан астам данасы мектептер мен жоғары оқу орындарының кітапханаларына тегін таратылды. Жоба аясында дайындалған электрондық оқулықтар, видеодәрістер мен онлайн курстар Қазақстанның Ашық университеті — OpenU.kz порталына жүктелді.
2019 жылы Bilim Group заманауи қазақ әдебиетінің антологиясын БҰҰ-ның алты тіліне аударып, 120 мың данамен жарыққа шығарды. Кітаптар әлемнің 93 еліне тарады. Компанияның еңбегін Франция президенті Эмманюэль Макрон арнайы алғыс хатпен атап өтті.
2018 жылы мемлекеттік қызметтер мен басқару процестерін цифрландыруға бағытталған SmartNation экожүйесі іске қосылды. Жоба балабақшадан бастап мектеп, колледж және қосымша білім беру ұйымдарын қамтиды. Ал Mektep SmartNation мен Jumys SmartNation бастамалары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бағалауына сәйкес өңірлерге автоматтандыру процесін табысты енгізген үздік 32 тәжірибенің қатарына енді.
Бұдан бөлек мектепке дейінгі білім беру саласына арналған BilimKids әдістемелік цифрлық платформасы және қазақ және ағылшын тілдерін үйренуге арналған Qlang онлайн қызметі іске қосылды.
2020 жыл да компания үшін өнімді кезең болды. Осы жылы 1–11 сыныптардың толық мектеп бағдарламасын қамтитын OnlineMektep қашықтан оқыту платформасы іске қосылды. Коронавирус пандемиясы кезінде бұл өнім Қазақстан мектептерінде онлайн сабақтарды ұйымдастыруда маңызды құралға айналды.
Сондай-ақ оқушылардың функционалдық сауатын дамыту мен бағалауға арналған, ұлттық және халықаралық деңгейдегі емтихандар мен зерттеулерге дайындайтын BilimCenter жобасы іске қосылды. Бұдан бөлек, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, ұлы ақын шығармаларын әлемнің 10 тіліне аудару жұмысы аяқталды.
Бұдан соң да Bilim Group экожүйесі жаңа өнімдермен және жобалармен толыға түсті. 2021 жылы педагогтердің біліктілігін арттыруға арналған, 95-тен астам онлайн курсты қамтыған BilimUstaz платформасы іске қосылды.
Сонымен қатар дәл осы жылы ауыл мектептерін жаңартуға бағытталған «Абай мектептері» қоры құрылды. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданына қарасты Петерфельд ауылында толықтай жаңарған «Қызылжар Абай орта мектебі» жұмыс істеп тұр.
Компания тарихындағы тағы бір маңызды кезең — 2022 жылы BilimClass электрондық журналының іске қосылуы. Платформа мектепті басқару жүйесін, оқыту контентін, әдістемелік талдау мен аналитиканы бір ортаға біріктіреді. Бүгінде бұл платформаны Қазақстанның 12 өңірінде 2,5 миллион оқушы мен 350 мыңнан астам мұғалім пайдаланып отыр.
Сол жылы Bilim Group 60 мың сөзді қамтитын, 10 мың данамен жарық көрген алғашқы қазақ–ағылшын Oxford Qazaq Dictionary сөздігін дайындау жұмысын аяқтады. Осы жоба арқылы қазақ тілі әлемдегі ең ауқымды әрі беделді сөздік желілердің бірі — Oxford Global Languages қатарына енді.
2023 жылы Қазақстанда мектептерді, колледждерді, жоғары оқу орындарын және компанияларды әлемдік білім беру бағдарламаларына қосуға арналған BilimUpSkill өнімі іске қосылды. Бұл платформа — Coursera-ның Қазақстандағы эксклюзив серіктесі.
Ал 2025 жылы білім беру саласындағы процестерді автоматтандыруға арналған OQU платформасы жасақталды. Жоба Бірыңғай мемлекеттік тапсырыс аясында ваучерлік қаржыландыруды жүзеге асырады.
2015 жылы оқыту процесіне инновациялық тәсілдерді енгізумен айналысатын педагогтерді қолдау мақсатында республикалық «Жаңашыл мұғалім» байқауы бастау алды. Сонымен қатар осы жылы Bilim Group интернетке қолжетімділігі төмен мектептерге арналған офлайн шешімдерді әзірлеуге кірісті. Осылайша қажет ресурстар алдын ала жүктелген, интернетсіз жұмыс істейтін портативтік және стационарлық құралдар — BilimDesk пен BilimBook құрылғылары пайда болды.
IT өнімдермен қатар, Bilim Group маңызы зор әлеуметтік жобаларды да жүзеге асырды. 2014 жылы компания қазақ тілін Google Translate жүйесіне енгізу жұмысын аяқтады. Бұл қадам кейін арнайы жасалған Google Translate Toolkit құралы арқылы өзге 15-тен астам тілді аударма жүйесіне енгізуге мүмкіндік берді.
Әлеуметтік бастамалардың заңды жалғасы ретінде 2016 жылы Bilim Foundation қоры құрылды. Қор білім беру және әлеуметтік бағдарламаларды дамыту бағытында жұмыс істейді. Қордың үлкен жетістіктерінің бірі ретінде Қызылорда, Ақмола, Ақтөбе және Атырау облыстарында жасөспірімдер арасындағы суицид деңгейінің 50%-ке төмендеуін атауға болады. Бұл жоба ЮНИСЕФ Қазақстанмен және ҚР ДСМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп жүзеге асты.
2013 жылы компания кең ауқымды BilimLand білім беру экожүйесін қалыптастыруға кірісті. Осы кезеңде бірнеше өнімнің алғашқы нұсқасы пайда болды: ҰБТ-ға дайындалуға арналған iTest платформасы; бастауыш сынып оқушыларына арналған қазақтілді iMektep порталы; ТМД кеңістігіндегі ең ірі цифрлық білім контентін қамтыған BilimLand платформасы; сонымен қатар британдық Twig Education ұйымымен бірлесіп жасалған Twig-Bilim медиапорталы.
Сол жылы елде баламасы жоқ цифрлық кітапхана — Kitap.kz іске қосылды. Платформада қазақ және әлем әдебиетінің таңдаулы шығармалары жинақталған. Қолданушылар кітаптарды мобайл қосымшадан бөлек, сайт арқылы оқып/тыңдай алады. Сонымен қатар сервиске білім беру функционалы енгізілген: ол мұғалімдерге оқушылардың оқу сауатын дамытуға көмектеседі. Платформа мектептер мен кітапханаларға ғана емес, бизнеске және көп оқығысы келетін кез келген адамға қолжетімді.
Bilim Group 2011 жылы білім беру бағытындағы стартап ретінде құрылды. Сол жылы компания «Қазақша Wikipedia» жобасын жүзеге асырды. Жобаның нәтижесінде Bilim Group негізін қалаушы Рауан Кенжеханұлы Wikipedia-ның негізін салған Джимми Уэйлстің қолынан Wikimedian of the Year марапатын алды. Бұл бастаманы Bilim Group-тің қазақ тіліндегі цифрлық контентті дамытуға қосқан алғашқы үлесі деуге болады.