ББДА — білім мен дағдыларды бағалау
2–10-сынып оқушыларын үш деңгей бойынша бағалайтын зерттеу: білу және түсіну, білімді іс жүзінде қолдану, жоғары деңгейлі дағдылар (талдау, бағалау, синтездеу). Зерттеу қазақ/орыс тілдері, математика, жаратылыстану, физика, химия, биология, география пәндерін қамтиды.
ББЖМ — білім жетістігінің мониторингі
Оқушылардың оқу сауатымен қатар, математика және ғылыми-жаратылыстану бағыты бойынша сауатын анықтайды. Платформада 4-сыныпқа арналған 50 және 9-сыныпқа арналған 65 тапсырма ұсынылған. Ал мектептер автоматтандырылған әрі көрнекі есепке қол жеткізе алады.
TIMSS — математика және жаратылыстану бағытындағы білім сапасын зерттеу
4-сынып пен 8-сынып оқушыларына күрделі тақырыптарды жеңіл түсіндіретін видеосабақтар мен халықаралық стандарттарға сай әзірленген тапсырмалар ұсынылған. Платформада түрлі деңгейдегі когнитивтік тесттер (білу, қолдану, ой қорыту) және математика, физика, химия, биология, география пәндері бойынша 700-ден астам тапсырма бар.
PISA — 15 жастағы оқушылардың функционалдық сауатын зерттеу
Бағдарлама теориялық курсты, функционалдық сауатты дамытуға арналған онлайн жаттықтыру құралын және PISA-ның алты деңгейіне бөлінген 2 000-нан астам тапсырманы қамтиды. Мектептер диагностикалық тестілеу жүргізіп, оқушылардың сауат деңгейіне қатысты автоматтандырылған есепке қол жеткізе алады.
PIRLS — оқу сауатын зерттеу
Дайындық курстары 4-сынып оқушыларына арналған видеосабақтарды, конспектілерді және CITO мен Cambridge Assessment әзірлеген 600-ден астам интерактивті тапсырманы қамтиды. Материалдар көркем әрі ақпараттық мәтіндерге негізделген және жеңіл, орташа, күрделі үш деңгейден тұрады.
Оқушылардың оқу сауатымен қатар, математика және
ғылыми-жаратылыстану бағыты бойынша сауатын анықтайды. Платформада 4-сыныпқа арналған 50 және 9-сыныпқа арналған 65 тапсырма ұсынылған. Ал мектептер автоматтандырылған әрі көрнекі есепке қол жеткізе алады.