OQU өтінім беру, қабылдау, баланың қатысқанын белгілеу, журналдарды жүргізу сияқты басты әрекеттерді онлайн форматқа ауыстырады. Барлық деректің автоматты түрде тіркелуі процесті ашық әрі бірыңғай етеді.
Ашық ваучерлік қаржыландыру
Платформа бекітілген ережелерге сәйкес ваучерлерді есептеп, бөледі, олардың қалай жұмсалатынын бақылап, есеп жүргізеді. Бұл қатені азайтып, Бірыңғай мемлекеттік тапсырыс аясындағы қаржыландырудың ашық жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Ұйымдарға арналған бірыңғай кабинет
Ұйымдар секция, сабақ кестесі, тарифтер мен құжатқа қатысты жұмысты біріңғай кабинет аясында жүргізе алады. Секцияға жазылу және келісімге қол қою ЭЦҚ арқылы онлайн рәсімделеді.
Аналитика және мониторинг
OQU балалардың үйірмеге қатысуы, қаржылық параметрлер, секциялардың жүктемесі сияқты негізгі көрсеткіштерді жинақтап, көрсетеді. Платформаның жұмысы өзгерістерді жылдам байқап, қатені анықтауға және фактілерге сүйеніп шешім қабылдауға мүмкіндік береді.