Қосымша үшін үлкен рақмет, дәл осындай ресурсты іздеп жүрген едім. Ең бастысы, мұнымен тоқтамаңыздар. Қазақ тіліндегі кітаптарды көбірек қоссаңыздар екен. Барлығы өте ұнайды!
Бұл қосымшаны алғаш шыққан кезінде қолданған едім, басында кемшіліктері болатын. Біршама уақыт қолданбай кетіп, кейін қайта оралған кезде жаңарған, заманауи нұсқасын көріп таңғалдым. Керемет бағдарлама. Дами беріңіздер!
Қазақ тіліндегі аудиокітаптарды тыңдауға арналған өте жақсы, ыңғайлы әрі қарапайым қосымша. Басты артықшылығы — қазақ және әлем классикасы бойынша үлкен кітап қоры. Мысалы, қазір мен корей ертегілерін қазақ тілінде оқып жүрмін.