ChatGPT Edu лицензиялары білім беру жүйесінің барлық деңгейінде, атап айтқанда, мектепке дейінгі ұйымдар, мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындарының, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттары мен Astana Hub арасында таратылады. Жоба Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі және Ғылым және жоғары білім министрліктерінің қатысуымен жүзеге асып отыр. Жобаға қатысушылар үшін лицензиялар тегін ұсынылады, ал оларды іске қосу отандық BilimClass платформасы негізінде әзірленген ai.bilimclass.kz арнайы сервисі арқылы жүргізіледі.