“
«15 жыл бойы біз туралы біздің сандар сөйлеп келді: ондаған мың цифрлық сабақ, миллиондаған қолданушы мен миллиардтаған баға. Бірақ осы сандардың артында әрдайым қарапайым адамдар, ал ең бастысы мұғалімдер тұр. Еліміз олардың бейнесін көріп, үнін естісе екен деген толғаныс нәтижесінде Mugalim деректі сериясы мен “Bilim бейнесі” фотожобасы пайда болды. Жұмыс барысында мені ең таңғалдырғаны — педагогтер қиындықтарын сирек сөз етіп, өз оқушылары мен оларға арналған мүмкіндіктер туралы көп айтқаны болды. Олар кімнің қандай жетістікке жеткенін, қайда оқуға түскенін, кім туған ауылына оралғанын сағаттап айта алады. Бұл білім саласы үшін көбірек еңбек етуге итермелеп қана қоймай, мұғалімнің рөліне жаңаша қарауға мүмкіндік береді», — дейді Bilim Group бас директоры Александр Савченко.