Жаңа жүйе тоқсан қорытындысын жылдам бағалап, оқу процесін шынайы деректер негізінде толықтай бақылауға мүмкіндік береді.
Бүгінде BilimClass Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау, Абай, Қызылорда, Жетісу, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жұмыс істейді. Платформаны 2,3 миллионнан астам оқушы мен 315 мыңға жуық мұғалім қолданады.
Жобаны еліміздегі жетекші EdTech экожүйесі Bilim Group
жүзеге асырған. Компания құрамына Bilimland, OnlineMektep, BilimKids, iTest, BilimUstaz, Kitap.kz және SmartNation сияқты бірнеше білім беру жобалары кіреді.
Мониторинг жүйесі білім сапасы мен үлгерім деңгейі сияқты екі негізгі көрсеткішті автоматты түрде есептейді. Бағалау процесі тек мектеп көлемінде емес, әр параллель, сынып, пән, оқу тілі, мұғалім мен оқушы деңгейінде де жүргізіледі. Мұндай талдау пайдаланушыларға біртұтас және нақты деректерді ұсынады.