Әрбір қызметкер біздің компанияның өсуіне күн сайын үлес қосады және жетілдіреді. BMG өміріне белсенді қатысқаны үшін біз жаңа -
Bilim Game адалдық бағдарламасын іске қосамыз.
Бұл қандай бағдарлама? Әрбір қызметкер
Bilim-coin (b-coin) ұпайларын жинап, оларды
Bilim Store дүкенінен бірегей мерч алуға жұмсай алады.
Ұпайларды қалай жинауға болады?Төмендегі тізімнен кез-келген әрекетті орындаңыз,
b-coin жинаңыз және
Bilim Store дүкенінен кез-келген затқа тапсырыс беріңіз.
Қалай ұпай алуға болады?- белсенді болу және барлық бастамаларға қатысу
- әріптестердің жобалары мен тапсырмаларын орындауға көмектесу
- біздің құндылықтарымызды күн сайын жұмыста көрсету
- HR барлық ивенттер мен шараларға қатысқаныңыз үшін ұпай береді
- HR-ға белсенділігіңіз туралы хабарлаңыз, HR талдайды және ұпайларды есептейді.
Егер мен әріптесіме ұпай бергім келсе, не істеуім керек (Bilim Values Crush, Helper номинациялары)?- әріптесіңізді неге және не үшін марапаттағыңыз келетінін, бұл не үшін маңызды және керемет екенін сипаттаңыз
- HRM Менің командам жүйесінде өтінім жасау (Bilim Game номинациясына өтінім)
- HR саралайды және шешім қабылдайды
Маңызды:Әріптестерден ұпай сұрау дұрыс емес екенін түсіну керек, және біз мұндай жағдайларды қадағалап, бақылайтын боламыз.
Ұпай сұрау жағдайында төмендегі айыппұл шаралары қабылданады:
- Өтініш берушінің ұпайларын 3 айға тоқтату.
- Ұпайларды негізсіз бөліскен адамға қайтару.
- Қайталанған жағдайда бағдарламадан дисквалификацияланады.