Bilim Team Құндылықтары
Біздің миссиямыз: Баршаға қолжетімді сапалы білім!

Құндылық №1 - Оптимизм
Бұл - кез келген қиын жағдайда да мүмкіндік көре білуге жол көрсететін ішкі компасымыз. Біз жақсыға сенеміз, өйткені оны өзіміз іс-әрекетімізбен, шешімдерімізбен және жұмысқа деген көзқарасымызбен жасаймыз. Бұл – болашақты болжай алу, шешім таба білу және өз көңіл-күйімізбен айналадағы адамдарға шабыт сыйлау қабілеті.
Қалай жүзеге асырамыз?
  • Болашаққа табысқа сеніммен қараймыз – қиындықтар болса да, жаңа тәсілдер мен идеяларды іздейміз.
  • Бір-бірімізге қолдау көрсетеміз – әркім өз еңбегінің маңызды екенін сезінетін орта құрамыз.
  • Мәселенің өзіне емес, шешіміне назар аударамыз.
  • Байланыста әрдайым жағымды тон сақтаймыз.
  • Өзгерістерден мүмкіндік көреміз – оларды үдерістер мен өнімдерді жақсартудың жолы деп қабылдаймыз.
  • Үлгі боламыз – конструктивті көңіл-күйдің нәтижеге жетуге көмектесетінін көрсетеміз.

Құндылық №2 - Ішкі көшбасшылық
Біз жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз, бастамашыл боламыз және лауазымымызға қарамастан нәтижеге ықпал етеміз. Өзгерістердің авторы өзімізбіз.

Қалай жүзеге асырамыз?
  • Белсенді қимылдаймыз: нұсқауды күтпейміз, жақсартуға мүмкіндік іздейміз және шешім ұсынамыз.
  • Жауапкершілікті толық аламыз: әрқайсымыз өз міндетімізді немесе жобамызды иесі ретінде қабылдап, соңғы нәтижеге жауап береміз.
  • Экстра Майл: кішкентай қадамдардың күшіне сенеміз – ең аз жетілдірудің өзі алға басудың маңызды қадамы.
  • Істі соңына дейін жеткіземіз: басталған істі аяқтауға ұмтыламыз, кедергілерді еңсереміз және мәселені шешімсіз қалдырмаймыз.