Bilim Media Group (BMG) – 2011 жылдан бастап Қазақстандағы цифрлық оқу контенті мен білім беру платформаларын әзірлейтін жетекші EdTech-компания.
Біздің мақсатымыз – әртүрлі жастағы пайдаланушыларға арналған білім беру-дамыту экожүйесін жасау.
Білім беру саласындағы біздің платформаларымызды 10 000-нан астам мектеп, балабақша мен колледж қолданып, 2 миллионнан астам бірегей пайдаланушы кіреді.
Біздің командамыз – білімнің маңызды, технологияның мүмкіндігі шексіз екеніне сенетін кәсіби мамандар. Қазіргі сәтте біз клиенттермен жұмыс жөніндегі маман іздейміз. Батыл идеялары бар, білім беру саласындағы үздік өнімді жасағысы келетін жаңашыл мамандар мен сарапшыларды компаниямызға қабылдауға әзірміз.
Міндеттері: Компания қызметтерін пайдалануда клиенттерге консультациялық қолдау көрсету; Қоңырауларды қабылдау және қоңырау шалу; Клиенттердің сұраныстарын өңдеп, ақпаратты дерекқорға енгізу.
Артықшылық ретінде қаралады: Жұмыс тәжірибесінің 1 жылдан артық.
Сізге ұсынарымыз: Қолға 180 000 теңге көлемінде еңбекақы; Жоспарды орындағаны және бизнес-мақсаттарға жеткені үшін бонустар; Компанияның білім беру ресурстарына қолжетімділік; Кәсіби тұрғыдан және мансапта өсу; Жұмыстағы жағымды әрі жайлы атмосфера.
Жалпы шарттар: Кеңсе Астана қ., «EXPO» БО-да (Мәңгілік Ел, 55/13); Толық жұмыс күні, аптасына 5 күн; ҚР ЕК бойынша рәсімдеу, сынақ мерзімі – 3 ай; Kitap.kz платформасын тегін қолдану; Тегін жерасты көлік тұрағы.