Сату бөлімінің басшысы
Bilim Media Group (BMG) – 2011 жылдан бастап Қазақстандағы цифрлық оқу контенті мен білім беру платформаларын әзірлейтін жетекші EdTech-компания.

Біздің мақсатымыз – әртүрлі жастағы пайдаланушыларға арналған білім беру-дамыту экожүйесін жасау.

Біз Qlang жобасына сату бөлімінің (СББ) басшысын іздейміз. Qlang – ағылшын және қазақ тілдерін үйренуге арналған бірегей онлайн-платформа. Біз корпоративтік клиенттермен де, жеке тұлғалармен де жұмыс істейміз. Біздің ірі корпоративтік клиенттеріміз: Air-Astana, BI Group, Kaspi Bank, Beeline, Samruk-Kazyna және т. б. 5 жыл ішінде 5000-нан астам адамды оқыттық.

Жоба қарқынды түрде іске асырылып жатыр, сол себепті сервисті дамыту әрі ілгерілету үшін B2B сатылым сарапшысын табу біз үшін аса маңызды болып отыр.

Міндеттері:
Сату процесін басқару, сату жоспарының орындалуын бақылау және түсімді ұлғайту;
Sales-менеджерлерді басқару, жұмыстарының сапасын бақылау;
Iрі клиенттермен тікелей қарым-қатынас жасау, үнемі байланыста болу;
CRM арқылы бөлім жұмысының тиімділігіне талдау жасау;
Сатылым көлемін болжау, бөлім жұмысының тиімділігін басқару, команданы ынталандыру;
KPI жүйесін құру, сату жоспарын ұдайы арттырып отыру;
Нұсқаулық жазу, коммерциялық ұсыныстардың шаблондарын дайындау;
Келіссөздер жүргізу және шарт жасасу;
Бәсекелестерге талдау жасау, компанияның сату жүйесінің даму межесін іздеу.

Сізден күтеріміз:
Жоғары білім;
Онлайн/телефон сатылымында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
AmoCRM-де сатылымдарды талдап, сату «шұңғысын» баптай алу;
Ақпараттық технологиялар нарығын білу;
AmoCRM-мен жұмыс тәжірибесі;
Коммуникативтік және ұйымдастырушылық дағдылардың жоғары деңгейі;
Қазақ, орыс тілдерін білу (ағылшын тілін білгені жөн).

Артықшылық ретінде қаралады:
IT-шешімдерді сату саласындағы не білім беретін компаниядағы басшылық лауазымдағы жұмыс тәжірибесі.

Сізге ұсынарымыз:
Бәсекеге қабілетті еңбекақы (жеке талқыланады);
Жоспарды орындағаны және бизнес-мақсаттарға жеткені үшін бонустар;
Компанияның білім беру ресурстарына қолжетімділік;
Кәсіби тұрғыдан және мансапта өсу;
Жұмыстағы жағымды әрі жайлы атмосфера.

Жалпы шарттар:
Кеңсе Астана қ., «EXPO» БО-да (Мәңгілік Ел, 55/13);
Толық жұмыс күні, аптасына 5 күн;
ҚР ЕК бойынша рәсімдеу, сынақ мерзімі – 3 ай;
Kitap.kz платформасын тегін қолдану;
Тегін жерасты көлік тұрағы.
Bilim Media Group туралы көбірек біліңіз
Байланыс
.pdf-тегі түйіндеме
Батырманы баса отырып, жеке деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.