Ішкі рефералды бағдарлама
Ішкі рефералды бағдарлама (жолдама) - бұл компания қызметкерлері вакансияларға кандидаттарды тартқаны үшін сыйақы алатын бастама.

Бұл қалай жұмыс істейді?
  1. Сіз ашық вакансияларға кандидаттарды ұсынасыз.
  2. Егер кандидат сынақ мерзімін сәтті өтсе, сіз ақшалай сыйақы аласыз.
  3. Сыйақының мөлшері вакансияға байланысты өзгеріп отырады және ашық позициялар тізімінде көрсетілген.
  4. Сонымен қатар, сізге Bilim Game бағдарламасы аясында bilimcoins беріледі.

Неліктен бұл пайдалы?
Компания үшін: біз мамандардан тұратын командамызды кеңейтеміз.
Сіз үшін: сәтті ұсыныстар үшін ақша табу мүмкіндігі.

Актуалды вакансиялар тізімі

жұмыс форматы

Сыйақы мөлшері

Lead Product manager

Алматы, офис

450 000 теңге

Мектепке дейінгі білім беру әдіскері

Астана, офис

200 000 теңге



Маңызды ақпарат:
  • Сіз достарыңызды, таныстарыңызды немесе бұрынғы әріптестеріңізді ұсына аласыз. Егер ұсынылған кандидат жұмысқа қабылданып, сынақ мерзімін сәтті өтсе, сіз ақшалай сыйақы аласыз.
  • Басшылар өз командасындағы вакансияларға кандидаттарды ұсынғаны үшін сыйақы алмайды, себебі бұл олардың жұмысының бөлігі. Алайда, сіз басқа бөлімдердегі вакансияларға кандидаттарды ұсына аласыз.
  • Сіз кандидатпен таныс болуыңыз керек және оған біздің компания мен вакансия туралы айтуыңыз қажет. Егер кандидат сіздің ұсынысыңыз туралы білмесе, сыйақы берілмейді.
  • Ұсынылған кандидаттар вакансия талаптарына сай болуы керек.
  • Бағдарлама вакансиялар жабылғанға дейін жалғасады.

Қалай ұсынуға болады?
HRM жүйесінде «Рефералдық бағдарламаға» өтінімін жасауыңыз керек. Басқа жолмен жіберілген резюмелер есепке алынбайды.